18 айда қазақ тілін үйренемін – министр

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың брифинг барысында қазақша жауап бергені БАҚ өкілдеріне ұнамады. Журналистер ескерту жасап, мемлекеттік тілде нақты жауап беруді талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр, қазақ тілін үйреніп, сол тілде сөйлеуге тырысып жатқанын айтты. Сондай-ақ, тіл мәселесі өте күрделі екенін атап өтті. Кейбір әріптестеріне қарағанда қазақ тілінде сөйлеуге тырысып жүргенін жеткізді.

Мен әртүрлі елдерде көп уақыт болдым. Бірақ тіл үйренуге талпынған адамдарды ренжітетін жағдайларды кездестірмедім. Тілді үйрену арқылы бір жарым жылда мен өз ойымды жеткізе алатындай деңгейге жеттім. Жаман болсын, жақсы болсын, мен қазақ тілін түсінемін. Иә, менде сіздікі сияқты сөздік қор жоқ. Бірақ мен әлі де тырысамын және мұны істеймін,- деді министр.

Министр қазақ тілін 1-1,5 жылда меңгеріп шығатынына уәде берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы