18 Ақпан 2024 2024, 08:03 Фото: архив

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» ел аумағында 18 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» ел аумағында 18 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қармен бірге жаяу бұрқасын жүреді.

Күндіз Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, – деп жазылған хабарламада.