Кеше 2026, 23:45 Фото: pexels.com

18 ақпанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" ертең 18 аймақта ауа райына байланысты ескерту жасады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының батысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Жезқазғанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астанада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с

Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.