18 758 адам коронавирустан ем қабылдауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 9 наурыздағы ақпаратты жариялады.

9 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 758 адам коронавирус инфекциясынан (13 812 КВИ+ және 4 946 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 254 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы