Кеше 2026, 20:48
Фото: pixabay.com
+17°С-қа дейін жылынады: алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
16–18 наурызға арналған ауа райы болжамы.
«Қазгидромет» РМК мамандары 16–18 наурыз аралығында еліміздің үш ірі мегаполисіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соған сәйкес, Астанада аздаған қар жауып, түнде -10°С-қа дейін аяз күтіледі, Алматыда жауын-шашын болмайды, ал Шымкентте жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт +17°С-қа дейін жылынады.
Астана бойынша ауа райы болжамы
- 16 наурыз: құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік бағыттағы жел 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз 0+2°С.
- 17 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +1+3°С.
- 18 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз +1+3°С.
Алматы бойынша ауа райы болжамы
- 16 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +6+8°С.
- 17 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +8+10°С.
- 18 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +10+12°С.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы
- 16 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +13+15°С.
- 17 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +15+17°С.
- 18 наурыз: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С.