176 адамда коронавирустың белгілері бар пневмония анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 176 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 59 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы ауырғандар - 39058, 409 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29138 жетті, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар. Стационарларда 2 727 науқас жатыр. 3 874 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 188 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы