15 Қазан 2026, 20:30
Фото: ©BAQ.KZ архиві
170 мың теңге пара үшін 5,5 млн теңге айыппұл: Ақтөбеде инспектор сотталды
Пара алған инспектор өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді
170 мың теңге параның соңы 5,5 миллион айыппұлға ұласты. Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды.
Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының қызметкері автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған. Алынған параның жалпы сомасы 170 мың теңгені құрады. Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойыға тыйым сала отырып, 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокурордың өтінішхаты бойынша Көлік бақылау инспекциясының мекенжайына жеке қаулы шығарылды.
Үкім заңды күшіне енді.