17 жылдан кейін алғаш рет ҚАЗҰМУ-ды педиатр дәрігерлер бітіріп шықты

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) 17 жылдан кейін алғаш рет дипломды педиатр дәрігерлер бітірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Интернатураны бітіргені туралы дипломдарды 132 маман, оның ішінде халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ үздік белгісі бар диплом иегерлері алды.

Денсаулық сақтау жүйесінде педиатрия балалардағы ауруларды ерте анықтау мен емдеуді, профилактика мен вакцинациялауды, даму мен өсуді бақылауды, ата-аналарды қолдауды және балалар өлімін азайтуды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Резидентурада осы мамандық бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауды 8 медициналық ЖОО және 2 ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асырады. 

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын бакалавриатқа 500 мемлекеттік білім беру грантын, сондай-ақ өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, резидентураға 153 грант бөледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы