17 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста бұрқасын мен тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Солтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігіне әсер ететін болады – жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады. Еліміздің қалған территориясында кетіп бара жатқан антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады, - деп жазылған хабарламада. 

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы