17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында Солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр мен жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Республиканың басқа аумақтарында антициклон өз ықпалын сақтайды, сондықтан жауын-шашын жаумайды.
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел қарқыны - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, жаяу бұрқасын соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, жаяу бұрқасын көтеріліп, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі, батысында желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының басым бөлігінде, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Түрістан облысының таулы аудандарында, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында және шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.