Қарағандыда "Газель" мен "ВАЗ" автокөліктері соғысып, 17 жастағы жолаушы қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 қазан күні сағат 12:00 шамасында Қарағанды ​​қаласының 15-магистраль және Методическая көшесінің қиылысында "Газель" автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі, Методическая көшесіне солға бұрылу кезінде 15-магистраль бойымен жүріп бара жатып, ВАЗ көлігінің 21 жастағы жүргізушісіне жол бермеу салдарынан жол апаты болды. Апат салдарынан ВАЗ көлігінің 17 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы ауруханаға түсті", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш дерекке сәйкес ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы