+23

17 жастағы жасөспірім трактормен 3 жасар баланы басып кетті

Үш жасар баланы трактормен басып кеткен 17 жастағы жасөспірім тұтқындалды, деп хабаврлайды BAQ.KZ тілшісі Oxu.az-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Әзербайжандағы Джалилабад ауданына қарасты Узунтепе ауылында болған. Жасөспірім әкесіне тиесілі тракторды жүргізген кезде көршінің 3 жасар баласы трактор мен тіркеме арасында қысылып қалған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды.

Лянкяран ауыр қылмыстар жөніндегі сотында үш жасар баланың өліміне себепкер болған 2008 жылы туған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды.

Сот үкімімен 17 жастағы жасөспірім 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол үкім оқылған сәтте сот залында қамауға алынды.

Айта кету керек, бастапқыда күдікті медицина қызметкерлеріне баланың сатыдан құлап кеткенін айтып, жалған ақпарат берген. Алайда тергеу барысында баланың өліміне трактормен болған оқиға себеп болғаны анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы