5 Шілде 2023 2023, 09:51 Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

17 жастағы жасөспірім Каспийге батып кете жаздады

Каспий теңізінің жағалауында жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Каспий теңізінің жағалауында жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

4 шілде сағат 21.40-та Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда жартасты жол пирсінің ауданында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінде кезекшілігін атқару кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты құтқарды. 

Жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылған. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтарға абай болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.