17 жастағы аңшыны найзағай ұрып өлтірді

АҚШ-тың Луизиана штатында ормандағы аңшылық мұнарадан 17 жастағы бозбаланың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі People басылымына сілтеме жасап.

Колтон Гейдж Ханикатт есімді жасөспірім жалғыз өзі елік аулауға шыққан. Ол аңдарды жем салынған аумаққа жақын орнатылған ағаш мұнарадан атып отырған. Алайда ол үйіне оралмаған соң, отбасы дабыл қағып, іздестіру жұмыстарын бастаған.

Құтқарушылар Колтонды сол аңшылық мұнараның ішінде тапқан. Алдын ала болжам бойынша, оған найзағай соққан. Өкінішке қарай, жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Колтонның өмірі оңай болған жоқ, оның өз қиындықтары болды. Бірақ оны бәрі жақсы көрді, ал отбасы бұл өмірде оған қолдан келгеннің бәрін жасады, - деді марқұмның ағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы