17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуро-2023 іріктеуінде Литвадан жеңілді
Буфтада (Румыния) В лигасында футболдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 17 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы мен Литва құрамасы арасындағы кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Литвадан 0:1 есебімен ұтылды.
Матчтағы жалғыз голды 62-минутта Патрисия Пенкаускайте соқты.
Айта кетерлігі , Қазақстан құрамасы үшін бұл соңғы сегіз жылдағы алғашқы минималды жеңіліс (2014 жылдың 21 қазанында Қазақстан Солтүстік Македониядан жеңілді - 0:1).
Қазақстан құрамасы Еуро-2023 іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 11 қазанда Румыниямен өткізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Еліміздің қай өңірінде пәтер арзан?
Өзгелердің жаңалығы