17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі, түнде кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі, түнде және таңертең - тұман.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде – тұман.
Жамбыл, түнде Қарағанда облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерінде, Карағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.