17 тамызға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, сенбіде елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, сенбіде елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклонының ықпалына сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрып, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.
Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстік-батысында тұман түседі, күндіз Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады деп болжанады, - деп жазды "Қазгидромет" РМК.
Сондай-ақ синоптиктер Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары болатынын айтты.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.