16 Тамыз 2026, 21:26 Фото: unsplash.com

17 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел мен аптап ыстық күтіледі

Синоптиктер 17 тамызда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз жел екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз жел екпіні 15 м/с болады.

Астанада күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Батысында, солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматыда күндіз +35°C қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +35...+36°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, оңтүстігі, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз +35°C қатты ыстық болады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батысы мен таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, ал күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысында және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында жел екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы +38°C-қа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл күтіледі. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, ал облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл маңында кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді. Күндіз +35°C қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, ал солтүстігі мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында жоғары, қалған аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жел екпіні 15-18 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз батысы мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.