17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 17 сәуірде еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді.
Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қарағанды обласының кей жерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 18-23 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан облысында кей жерінде найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.