17 қарашада 19 қалада Қазтест сынағы өтеді. Тестілеу құны қанша
Қазтест сынағы 17 қараша өтеді. Сынаққа қатысу үшін 9-15 қараша аралығында өтініш беріп үлгеру керек.
17 қарашада қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта Қазтест сертификаттық тестілеуі өтеді. Оған қатысу үшін 9-15 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында өтініш беру қажет.
Тестілеу өтетін қалалар:
Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан, Тараз.
Еске салайық, Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/17-qarasada-19-qalada-qaztest-synagy-otedi-testileu-quny-qansa