17 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде жауын-шашын жауып, солтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Көп жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.