17 маусымда елімізде ауа сапасы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 маусымда еліміздің тек бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, бүгін тек Атырау қаласында ғана ауа сапасы нашарлайды. Ал Қазақстанның қалған қалаларында метеожағдай қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төрт облыс аумағында геологиялық барлау басталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы