Бүгiн 2026, 08:43
Фото: BAQ.KZ коллажы
17%-ға жуық өсім: Қазақстанда бюджет кірісі 6,4 трлн теңгеге жетті
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері де жоспарлы көрсеткіштерден жоғары болды.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірістері жоспардан асып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоспарланған 6,2 трлн теңгенің орнына бюджетке 6,4 трлн теңге түсті. Осылайша жоспар 268,7 млрд теңгеге артығымен орындалды.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені немесе 16,9%-ды құрады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері де жоспарлы көрсеткіштерден жоғары болды.
Өсім экспорттық тауарлар бағасының жоғарылауы, сауда көлемінің артуы, сондай-ақ салық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігі есебінен қамтамасыз етілді.