17 бала бар: Ауғанстанда автобус апатынан 71 адам қаза тапты

Ауғанстанның Герат провинциясында жолаушылар автобусы мотоцикл және жүк көлігімен соқтығысып, ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі күні кешке Ауғанстанның Батыс Герат провинциясындағы апат салдарынан 71 адам қаза тапты, оның ішінде 17 бала бар, - деп жазды басылым.

Апат сейсенбі күні кешке болған. Автобуста Кабулға жеткізілген депортацияланған мигранттар отырған. Соқтығысудан кейін көлік өртеніп кеткен.

Бұл соңғы күндері тіркелген ірі апаттардың бірі. Бұған дейін, 16 тамызда, Алжирдің Хараш округінде автобус көпірден өзенге құлап, 18 адам қаза тапқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы