16 жыл: Украиндықтарға өз еркімен берілген әскери қызметкерге қатаң жаза тағайындалуы мүмкін

Оңтүстік Сахалин гарнизондық әскери сотында Украинаға ерікті түрде тұтқынға өткен Ресей армиясының бұрынғы әскери қызметкері Роман Иванишинге қатысты іс қаралып жатыр. Прокуратура оған 16 жыл қатаң режимдегі колония жазасын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Коммерсантқа сілтеме жасап.

Иванишинге ҚР ҚК 352.1-бабы ("ерікті түрде тұтқынға берілу"), 30-бап 1-бөлігі ("қылмысқа оқталу") және 338-бап 3-бөлігі ("әскери бөлімнен қашу") бойынша айып тағылған. Ол өз кінәсін мойындамай отыр.

2023 жылдың 10 маусымында Иванишин Донецк облысындағы позициядан қашып кетіп, Волновах ауданы маңында украин әскеріне берілген. Осы оқиғадан кейін оның командирі майор Вадим Короткевич Иванишин сарбаздарға берілуді үгіттегенін айтып, оған оқ атуға бұйрық бергенін жеткізген. Атыс салдарынан екі ресейлік сарбаз қаза тапты.

Кейінірек желіде Иванишиннің соғысқа қарсы бейнежазбасы тарады. Онда ол және бірнеше әріптесі соғысқысы келмейтінін мәлімдеген.

2024 жылдың қаңтарында Иванишин 247 ресейлік әскери қызметкермен бірге тұтқын алмасу арқылы қайтарылған. Сахалинге оралған соң ол тұтқындалды.

Басылымының хабарлауынша, үкім келесі аптада шығарылуы мүмкін. Бұл — Украинаға ерікті түрде берілген ресейлік әскери қызметкерге қатысты алғашқы сот процесі болуы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот @radistvsy
Өзгелердің жаңалығы