16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты батыс өңірлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста және шығыста – қар түседі, деп болжайды синоптиктер.

Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, екпінді жел болуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы