16 жастағы қазақ жігіті "Челси" клубында доп тебеді
Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев мансабын "Челсиде" жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Лондондық "Челси" Дастан Сәтбаевқа қатысты түпкілікті шешім қабылдады. Алматы мен Лондон клубтары арасында трансфер жайлы келісті. Ауысым келесі аптада болуы мүмкін.
Еске салайық, 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев желтоқсан айында Лондонның "Челсиіне" сынақтан өтуге аттанған болатын.
16 жастағы Дастан Сәтпаев өткен маусымда QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанып, кәсіби деңгейде "Қайрат" негізгі құрамында дебют жасады. Ол футболдан Қазақстан кубогы аясында "Ақжайық" командасына қарсы ойында (9:0) негізгі команда сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол "Қайрат-Жастар" командасы құрамында Бірінші лигада бес матч өткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жүргізуші емтиханына жазылу: жаңа өзгеріс бар
Өзгелердің жаңалығы