16 жастағы оқушы мектеп әжетханасында сірке қышқылын ішіп қойған
Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы оқушы мектеп әжетханасында сірке қышқылын ішіп қойған. Оқиға Айыртау ауданына қарасты Гусаковка ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқушы сабаққа келіп, мұғалімнен әжетханаға сұранып шыққан. Өзімен бірге жасырын түрде 70 пайыздық сірке қышқылы болған. Әжетханаға кіріп, ішінен құлыптанып алған қыз бөтелкеден бір ұрттап, салдарынан ауыр химиялық күйік алған. Көп ұзамай оны мектеп қызметкерлері ауыр хәлде тауып алған.
Қыз бала шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген. Кейін тікұшақпен Петропавл қаласына жеткізіліп, қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасында ауыр жағдайда жатыр.
Оқиға 4 ақпанда болған. Оқушының мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз.
Білім басқармасы да, полиция да бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы