16 жастағы Дастан Сәтпаевтың "Челсиге" ауысатыны расталды
Британияның әйгілі телеарнасы BBC-дің журналисі Низар Кинселла Алматының "Қайрат" клубының жас шабуылшысы Дастан Сатпаев Лондонның "Челси" клубына ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жас қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев "Челси" клубының академиясына қосылады. Оның жасы 16-да, - деп жазды Кинселла Х әлеуметтік желісінде.
Өткен маусымда Дастан Қазақстан U-19 құрамасы мен "Қайраттың" QJ League командасында ойнап, 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін 16 жастағы қазақ жігіті "Челси" клубында доп тебетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде мектеп есепшілері өздеріне артық қаржы аударған
Өзгелердің жаңалығы