16 облыстағы 100 жол учаскесі жабық тұр
16 ақпан сағат 03:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты 16 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Жолдарды жабуға дауыл, қар, жел, боран, көрінудің шектелуі, өздігінен қар көшкіні қаупі, көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі себеп болып отыр.
- Абай облысы – 9 учаске
- Ақмола облысы – 27 учаске
- Ақтөбе облысы – 5 учаске
- Алматы облысы – 1 учаске
- Атырау облысы – 1 учаске
- Шығыс Қазақстан облысы – 5 учаске
- Жамбыл облысы – 1 учаске
- Жетісу облысы – 1 учаске
- Батыс Қазақстан облысы – 1 учаске
- Қарағанды облысы – 8 учаске
- Қостанай облысы – 11 учаске
- Қызылорда облысы – 1 учаске
- Павлодар облысы – 9 учаске
- Солтүстік Қазақстан облысы – 15 учаске
- Түркістан облысы – 2 учаске
- Ұлытау облысы – 3 учаске
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 149 бірлік техника мен 195 адам жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмолада шетелдіктер мінген автобус жолда бұзылып қалды
Өзгелердің жаңалығы