15 Ақпан 2024 2024, 22:00
Фото: BAQ.KZ архив
16 облыста ауа райына байланысты жол жабылды
16 өңірде күн райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
16 өңірде күн райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
15 ақпан сағат 21:30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 92 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген автомобиль жолдарының ұлттық операторы таратқан хабарламада.
- Абай облысында - 3 учаске (323 км)
- Ақмола облысында - 27 учаске (2201 км)
- Ақтөбе облысында – 4 учаске (694 км)
- Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
- Атырау облысында - 1 учаске (9 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (280 км)
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
- Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км)
- Қарағанды облысында - 8 учаске (1118 км)
- Қостанай облысында - 11 учаске (1591 км)
- Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1924 км)
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
- Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.