16 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 26 қаңтарда Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей кезде - 23 м/с.
Алматыда таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Қонаевта тұман түседі.
Шымкентте түнде қатты қар араласа жаңбыр жаууы ықтимал. Тұман түсіп, көктайғақ болады.
Күндіз Абай облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қалың қар жауады. Көктайғақ, боран күтілуде. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысынан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, облыстың шығысынан соғатын желдің екіпіні - 23-28 м/с. Көкшетауда қарлы боран болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Қаңтардың 26-нан 27-сіне қараған түні оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында қарлы боран соғады. 26-28 қаңтарда оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. 26-28 қаңтарда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарынан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23 м/с. Таразда 27-28 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. 26 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел (15-20 м/с) түнде күшейеді.
26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде қарлы боран соғады. Жел оңтүстіктен, облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінен, оңтүстік-шығысынан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігі мен батысында соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар жауады. Аймақтың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысынан, оңтүстігінен, шығысынан, солтүстік-шығысынан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда қарлы боран болады.
26 қаңтарда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыс орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Облыстың тау асуларында қар жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың таулы асуларында шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Түркістанда кей жерлерде тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде қарлы боран болады. Түнде Жезқазғанда қарлы боран күтіледі.