Қазақстанда 16 наурыздан бастап мектептер каникулға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп оқушылары 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникулда болады.
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Үкімет мүшесі бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтты.
Коронавирусқа байланысты құралған комиссия 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шаралар, конференциялар, көрме, семинарларға тыйым салу; Білім, денсаулық сақтау, қонақүйлер, әуежайлар санитарлық-дезинфекциялау режимі енгізілу; Каникул кезінде оқушылар басқа қалаларға шықпау керек деген шешім шығарылды. Сондай-ақ, 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін мектеп оқушыларына каникул болады, - деді Тоғжанов.Ал колледждер мен ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап дистанциялық оқуға көшеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Үндістан туристерге кіруге тыйым салды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы