16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Президент тапсырмасымен елімізде «Наурызнаманың» жаңа концепциясы әзірленіп, «Жыл басы» 10 күн бойы тойланатын болды. Мерекелік күнтізбеге сәйкес 16 Наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып бекітілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.
Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі - салт-дәстүрі. Ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты 2 облыста жол жабылды
Өзгелердің жаңалығы