16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райында күрт өзгерістер болмайды. Циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронттар Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғалды ауа массаларын алып келеді. Сондықтан көптеген облыста кейде қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ болуы мүмкін - делінген хабарламада.
Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3…8°С-қа жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Кемел адам" тұжырымы негізгі тұғырға айналуы тиіс – Тоқаев
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы