153 адам батып кете жаздады: құтқарушылар суда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды
2023 жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында 153 адам, оның ішінде 42 бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, қайғылы оқиғалар да болды, оған өз күшін дұрыс бағаламау, су қоймаларына құлау, балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру, мас күйінде шомылу, жүзе алмау, балық аулау кезінде, суға батушыны құтқару кезінде, жүзу құралдарында сырғанау кезінде ережелерді бұзу себеп болды, - делінген хабарламада.
Шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусымнан бастап) еліміздің барлық өңірінде 92 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылды.
Бұл ретте, Астана қаласында, Абай, Ұлытау, Жетісу. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында қайғылы оқиғалар тіркелді.
ТЖМ ұсынымдарына сәйкес қалалық жағажайларда шомылуға арналған қауіпсіз балалар жағажайлары жабдықталған. Құтқарушылар шомылу маусымының барлық кезеңінде балаларды жүзу дағдыларына үйрету бойынша жұмыстар жүргізеді. Қазіргі уақытта 29 000-нан астам бала жүзу дағдыларын меңгерді.
Жыл басынан бері құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу мен рейдтер жүргізді, 2 700-ден астам тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, бірінші кезекте:
алкогольден және есірткіден мас болған күйінде суға кіруге және шомылуға;
қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
жүзу шекарасын белгілейтін буйкалардың артынан жүзуге;
жүзуге арналмаған заттарда жүзуге;
балаларға ересек адамдардың қарауынсыз суға шомылуға тыйым салынады.