1515 қылмыс, 10 миллион теңге айыппұл
Бұл көрсеткіш – 2022 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасының Табиғатты қорғау полиция бөлімі инспекторларының жұмыс нәтижесі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Былтыр 1515 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9 миллион 203 мың 559 теңге айыппұл салынып, 7 миллион 361 мың 160 теңге өндірілді, – деді Сарыарқа ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Алмас Жаппаров.
Айыппұлдар абаттандыру ережелерінің бұзылуы мен құрылыс ұйымдарының рұқсат етілмеген үйінділерді ұйымдастырғаны үшін салынған.
Атап айтқанда, іргелес аумақтардан қоқыстарды уақытылы шығармағаны, құрылыс материалдарын үйден тыс жерде сақтағаны, құрылыс алаңы қоршауларының жоқтығы, қоқысты қала аумағына шығару сияқты әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелген, – деді Жаппаров.
Ол сондай-ақ аумақтар мен жолдың жүру бөлігін қар мен қоқыстан тазарту, қалдықтарды жинау және шығару бойынша мердігер ұйымдарға бақылау күшейтілгенін атап өтті.
Айта кетейік, Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тағайындалған аумақтар бойынша қызмет көрсету үйлерінің іргелес және бекітілген аумақтарын қатты тұрмыстық қалдықтардан, көлемді қоқыстардан, қардан уақытылы және дұрыс тазаламағаны, тұрғын үйлердің беттерін дұрыс күтпегені, контейнер ыдыстарын уақытылы шығармағаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартады.
Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті Сарыарқа аудандық басқармасының ұйымдастыруымен өткен брифингте айтылды.