150 қазақстандық Шекара қызметіне әскери жиындарға шақырылады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрық дайындады деп, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өту үшін 150 әскери міндетті күнтізбелік 30 күн мерзімге шақырылсын, - делінген бұйрықта.
Әскери жиынды өткізу 2021-2023 жылдарға ҰҚК Шекара қызметінде жмылдыру дайындығын жетілдіру жоспарында қарастырылған.
Жобаны әзірлеу 30 тәулік ішінде ҰҚК Шекара қызметінің Алматы мен Түркістан облыстары департаменттерінің базасында (әр департаментте 75 адамнан) запастағы әскери міндеттілерді (150 адам) әскери білімге және машыққа үйрету үшін әскери жиындар өткізуге бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Антикор: Сыбайлас жемқорлық - квазимемлекеттік секторды тиімді басқаруға кедергі келтіреді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы