150-ден астам жұмысшы тамақтан уланды
Анкарада 154 жұмысшы улану күдігімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Haberler-ге сілтеме жасап.
Анкараның Синджан ауданында құрылыс алаңында тамақ ішкеннен кейін өзін нашар сезінген 154 жұмысшы ауруханаға жеткізілді. 4 жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, кейтеринг компаниясының дайындаған тамағын жегеннен кейін өзін жайсыз сезінген 120 жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Кейінірек тамақтан улану күдігімен медициналық көмекке жүгінгендердің саны 154 адамға дейін өскені анықталды.
Жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген 154 адамның сегізі емделіп, үйлеріне қайтарылды. Ал 142 жұмысшының жедел жәрдем бөлімінде емделуі жалғасуда. 4 жұмысшының жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде ем алып жатқаны айтылды.
Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдады
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы