15 жыл бойы іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы Астанада ұсталды

Полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды.

2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемді мемлекетаралық іздеуге жариялаған.

Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы