15 желтоқсан. Елдегі эпидемиологиялық ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі коронавирус індетіне қатысты мәліметтерді жариялады.

                               Өткен тәулікте 488 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 980 860 жетті.

 Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 62, Алматы қаласында - 38, Шымкент қаласында – 5, Ақмола облысында – 58, Ақтөбе облысында - 5, Алматы облысында - 17, Атырау облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 20, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қарағанды облысында - 74, Қостанай облысында - 38, Қызылорда облысында - 5, Маңғыстау облысында - 9, Павлодар облысында - 65, Солтүстік Қазақстан облысында - 73, Түркістан облысында - 2.;

                             Қазақстанда 921 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты 

Нұр-Сұлтан қаласында - 88, Алматы қаласында - 59, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 69, Ақтөбе облысында - 11, Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 57, Жамбыл облысында – 17, Батыс Қазақстан облысында - 31, Қарағанды облысында - 130, Қостанай облысында - 253, Қызылорда облысында - 6, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 52, Солтүстік Қазақстан облысында - 130, Түркістан облысында - 7. 

                              Вакцинация 

Вакцинация 2021 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 875 273 адам, 2 - ші компонентін 8 323 469 адам салдырды. 

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат. 

2021 жылғы 14 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының І-ші компонентімен Жасөспірімдер – 155 305, Жүкті әйелдер – 11 579, Бала емізетін әйелдер – 28 199. ІІ-ші компанентімен Жасөспірімдер – 18 524, Жүкті әйелдер – 1 828, Бала емізетін әйелдер – 4 339. 

                            308 адамның жағдайы ауыр 

15 желтоқсандағы мәлімет бойынша 20 376 адам коронавирус инфекциясынан (17 655 КВИ+ және 2 721 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 786 пациент стационарда, 16 590 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 308 адамның жағдайы ауыр, 80 пациенттің жағдайы өте ауыр, 65 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы