15 жастағы курсант марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғар ауданында орналасқан “Арыстан” мамандандырылған лицейінде ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес курсант Бейсен Мирасты ағыны қатты өзенге батып бара жатқан адамды аман алып қалғаны үшін “Суға батқан адамды құтқарғаны үшін” медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапатты Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ораз Жолдасов табыс етті.

Естеріңізге сала кетейін, биылғы жылдың бірінші маусымында Мирас пен оның достары Талғар қаласының орталығындағы көпірден ағысы қатты өзенге секіріп кеткен ер адамды байқап қалған. 15 жастағы жасөспірім жағдайды дұрыс пайымдап, өзеннің ағысымен төмен жаққа жүгіріп, қатты ағыстан қорықпастан, суға батқан адамды құтқарып қалды, – деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ораз Жолдасов.

Жәбірленуші оң аяғының сынған, бас миының шайқалуы және басқа да зақымдар алған, бірақ Мирастың ерлікке парапар әрекетінің арқасында тірі қалды.

Қарапайым ғана, адамгершілігі жоғары жасөспірім өз қылығын азаматтық борышым деп санайды. Ол өз өміріне қауіп төніп тұрса да, тәуекелген барып, өзгенің өмірін құтқарып алды. Халықтың мұндай ұлдарын тек мақтан тұтуы тиіс. Мирастың ата-анасы мен оқытушылар құрамына жақсы әрі патриоттық тәрбие бергені және қажет жағдайда бағамды шешім қабылдауға үйреткендері алғыс айтамыз, – деп атап өтті Ораз Жолдасов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы