15 жаcтағы Зара Дәркен алғаш рет WTA 250 турнирінде ойнайды

Қазақстандық 15 жастағы теннисші Зара Дәркен алғаш рет WTA 250 турнирінде ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Зара Дәркен Италияның Палермо қаласында өтетін жарыстың іріктеу сайысына қатысады.

Турнир ұйымдастырушыларынан арнайы шақырту (wild card) алған, ITF жасөспірімдер рейтингісінде 824-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының алғашқы айналымында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддермен шеберлік таластырады.

Жүлде қоры 259 мың АҚШ долларына бағаланған Палермо WTA 250 додасы 17-23 шілде аралығында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы