15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуір күні циклонның әсеріне байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазгидрометтің болжамына қарағанда, 15 сәуірде Қазақстанның өзге өңірлеріндегі күн райына антициклон жотасы әсер етіп, күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігі мен шығысында жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстік-батысында жел 16 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының батысына тұман түсіп, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстікте, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз батысында, орталығында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы