Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерінде жауын-шашын жауады, солтүстік және солтүстік-батыстың кей жерінде қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Кей жерде тұман, найзағай, көктайғақ, желдің күшеюі, бұршақ, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ болып, жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман, найзағай, жел 15-20, кей жерде 23-28 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, найзағай болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге болуы мүмкін. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ жауып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының күндіз Жалаңашқал ауданында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз Жамбыл облысында найзағай түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы