15 сәуір – Ғашықтар күні

Мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні елімізде 15 сәуірде мерекеленеді. Ғашықтар күнін көбіне мектеп, колледж, университет сияқты білім ошақтары атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің болмысы мен салт-дәстүріне жат "Әулие Валентин" күнінің орнына Қозы мен Баян күнін атап өтуді алғаш рет 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған екен. Араға он екі жыл салып, 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні деген атаумен тойлана бастайды.

Бұл күн ресми түрде бекітілмесе де, бүгінде жастар арасында кең таралып келеді. Ғашықтар бір-бірін махаббат күнімен құттықтап, сыйлық тарту етеді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы