"1,5 сағат өтті". Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесіп жатыр
АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Дэн Скавино Дональд Трамп пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесіп жатқанын. Екі басшының әңгімесі әлі жалғасып жатқанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Жаңа ақпарат. Қоңырау әлі де жалғасуда, – деп жазды Скавино Х желісінде.
Гринвич уақыты бойынша сағат 14:00-де (Астана уақытымен 20:00) басталған келіссөздер 1,5 сағаттан астам уақытқа созылып жатыр.
Айта кетейік, Ресей президенті бүгін Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының съезіне қатысқан. Песковтың айтуынша, Путин телефон қоңырауы жоспарланған уақыттан шамамен жарты сағат бұрын келген.
Сондықтан келіссөздер бастапқы жоспарланған уақыттан бір сағатқа кеш басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Лифтіде пышақталған бала қайтадан ауруханаға жатқызылады
Өзгелердің жаңалығы