15 облыста дауылды ескерту жарияланды: қатты жел, тұман және өрт қаупі күшейді
25 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында қатты жел, тұман, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Синоптиктер тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, өрт қаупіне мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Жетісу облысы
Күндіз облыстың шығысы мен солтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысы
Түнде және таңертең оңтүстікте, таулы аймақтарда тұман түседі. Желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстікте өрттің төтенше қаупі сақталады. Қонаев қаласында да желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің батысы, оңтүстігі және шығысында өрттің төтенше қаупі сақталады. Орал қаласында да найзағай күтіледі.
Атырау облысы
Түнде және таңертең батыс бөлігінде тұман түседі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өрттің төтенше қаупі сақталады. Атырау қаласында да жағдай қауіпті деңгейде.
Маңғыстау облысы
Облыстың оңтүстік-шығысында өрттің жоғары қаупі сақталады.
Жамбыл облысы
Түнде таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында өрттің төтенше қаупі бар.
Қостанай облысы
Таңертең және күндіз солтүстікте найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстікте өрттің төтенше қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең солтүстікте тұман, кей жерлерде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Павлодар облысы
Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыста өрттің жоғары қаупі бар.
Ақтөбе облысы
Оңтүстікте өрттің жоғары қаупі сақталса, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысы
Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Күндіз оңтүстігінде жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Өрттің төтенше қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
Оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз Қызылорда қаласында да шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда күндіз жел 15-20 м/с болады.
Ақмола облысы
Күндіз батыс, солтүстік және шығыста желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда да желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
"Қазгидромет" мамандары тұрғындарды ауа райына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға және өрт қауіпсіздігін мұқият қадағалауға шақырады.