15 мыңдай астаналық бала үйірмелерге тегін қатысып жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасы мәдени-көркем іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Салтанат Муксимова хабарлады.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы жолдауында балаларды бұқаралық спортқа белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу, балалар үйірмелерінің жұмысын жандандыру міндетін алға қойған еді. Осылайша, мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес Президенттің тапсырмасы жүзеге асырылуда. Елордада мемлекеттік шығармашылық үйірмелерден басқа, спорт секциялары да бар. Бүгінде бас қалада уәкілетті органдар бекіткен 59 шығармашылық үйірме түрі бар, - деп атап өтті мәдени-көркем іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы.
Оның айтуынша, үйірменің 45-і бар.
45 түр бойынша 537 шығармашылық үйірме жұмыс істеуде. 20-дан аса жолдама беріліп, 15 мыңға жуық бала шығармашылық үйірмемен толықтай қамтамасыз етіліп отыр. Олар Бейбітшілік және келісім сарайы мен Тәуелсіздік сарайына барып қатысады. Бұрын ата-аналар балаларын үйірмелер мен секцияларға ақылы түрде қатыстырса, енді осы бағдарламаның арқасында жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, тегін қатысып отыр, - деді Салтанат Муксимова.