15 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың жұмысқа орналасуы мен өз істерін ашулары үшін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының беретін мүмкіндіктері зор, деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында.

Бағдарлама бірқатар маңызды және өзекті міндеттерді шешеді. Оның ішінде сұранысқа ие кадрларды даярлау және қайта даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шағын несиелер немесе бизнес-идеяларды жүзеге асыруға гранттар беру арқылы ауылда немесе моноқалаларда бизнес ашу сынды мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға биыл біздің облысқа 9,1 млрд теңге бөлінді. Осы қаражатқа жыл соңына дейін 43 мыңнан астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бағдарламаның 15 мың қатысушысы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, - деді Жеңіс Қасымбек.
1 қыркүйектен бастап техникалық колледждерде 700 адам кәсіби білім алып, 580 адам механизатор, электрик, технолог, шаштараз, аспазшы, тігінші, іс жүргізуші және басқа да қажетті мамандықтар бойынша жеделдетілген бағдарламамен оқытылады. 
Сондай-ақ 661 адамның 406-сы бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін әрқайсысы 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алды. Сонымен қатар "Бастау-бизнес" бағдарламасы бойынша бірінші лекті оқыту аяқталуда. Бұл жұмыстар шеңберінде барлығы 1800 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Келесі кезекте азаматтардың шағын несие алуы немесе өзінің жеке ісін ашуы қарастырылған. Ал жастар практикасы аясында жас мамандар жұмыс берушіге өздерінің қабілеттерін көрсетіп, тұрақты жұмыс орнын таба алады. Биыл 1160 түлек бағдарламаның осы бағытына қатыса алады, - деп жазды Қасымбек.
Сондай-ақ 5,5 мыңнан астам адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысады. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы